Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті,деп хабарлайды Todayinfo.
Жиында ішкі және сыртқы көші-қон саласындағы негізгі үрдістер талқыланып, Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, сондай-ақ Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылары есеп берді.
Президент геосаяси факторлар мен демографиялық болжамдарды, сондай-ақ халықтың көшу себептерін ескере отырып, көші-қон саясатын тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.
«Заңсыз көші-қонға жол бермеу үшін бақылауды күшейтіп, елдің адами капиталын арттыруға жағдай жасау қажет», – деді Мемлекет басшысы.
Үкіметке нақты тапсырмалар берілді
Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметке бірқатар тапсырма жүктелді. Атап айтқанда:
-
мемлекеттік органдардың функционалдық міндеттерін қайта қарау,
-
көші-қон саласындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялауды күшейту.
Бұл тапсырмалар елдегі көші-қон үдерістерін тиімді басқаруға және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.




