Тоқаев Қорғаныс министре Қарулы күштердің әлеуетін одан әрі арттыруды тапсырды
Ақорда Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы баяндалды, деп хабарлайды todayinfo.kz. Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығы,

Ақорда
Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы баяндалды, деп хабарлайды todayinfo.kz.
Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығы, көктемгі әскер қатарына шақыру науқанының нәтижелері, әскери-патриоттық тәрбие жүйесін жетілдіру және әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру шаралары жөнінде мәлімет берілді.
Дәурен Қосанов Президент тапсырмаларының орындалу барысын жеткізді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысына әскердің ұтқырлық деңгейін арттыру, әуе шабуылына қарсы қорғанысты күшейту, аумақтық әскер мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар бөлімшесін, әскери инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырысты орналастыру мәселелері жөнінде ақпарат ұсынылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев министрге Қарулы күштердің әскери әлеуетін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әскери қызметшілердің жарақат алу және жазым болу оқиғаларының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.
Related

News
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

News
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

News
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·

News
Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы беру мемлекеттік қызметі
Жаннұр Еділбаева·