Тоқаев ТМД мемлекеттері қауіпсіздік органдары басшыларын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің 55-ші отырысына қатысушылармен кездесті, деп хабарлайды Todayinfo.kz Мемлекет басшысы бұл алаңның қауіпсіздік саласындағы күш-жігерді үйлестіру тетігі ретінде танылғанын, сондай-ақ қаз

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің 55-ші отырысына қатысушылармен кездесті, деп хабарлайды Todayinfo.kz
Мемлекет басшысы бұл алаңның қауіпсіздік саласындағы күш-жігерді үйлестіру тетігі ретінде танылғанын, сондай-ақ қазіргідей күрделі кезеңде Кеңестің рөлі бұрынғыдан да артып келе жатқанын атап өтті.
Президент шұғыл және сараптамалық ақпаратпен дер кезінде алмасу өңірлік қауіпсіздікке төнетін қауіптер мен сын-қатерлерге қарсы тұру қабілетін арттыра түсуге және елдеріміздің ұлттық мүдделерін қорғау үшін үйлестірілген тәсілдерді дайындауға ықпал ететінін айтты.
Мемлекет басшысы бұл кездесудің қорытындысы халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізіп, Достастық мемлекеттерінің арнаулы қызметтері арасындағы өзара ықпалдастықты одан әрі дамытуға оңтайлы жағдай жасайтынына сенім білдірді.
Related

Өзекті жазбалар
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Батыс Қазақстанда екі полицей қызмет барысында қаза тапты
Айдар Керім·