Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Тоқаев Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды

Мемлекет басшысы Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты еліміздегі тиісті құрылымдарға шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Тоқаев Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
Мемлекет басшысы Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты еліміздегі тиісті құрылымдарға шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге, Президент әкімшілігінің басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды", – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасына.
Дерекке қарағанда, Парламент палаталарының төрағалары да қабылданып жатқан іс-қимылдан хабардар етілген.
"Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр. Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау. Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын", – деп толықтырды Берік Уәли.
 
 

Related

Тоқаев Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды · Todayinfo