Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

«Таза Қазақстан» идеологиясының мәні: Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясы аясында халыққа үндеу жасап, оның терең идеологиялық мағынасын түсіндірді.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
«Таза Қазақстан» идеологиясының мәні: Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының жаңа кезеңі басталғанын жариялап, халыққа үндеу жолдады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Президенттің айтуынша, Наурызнама онкүндігі аясындағы «Тазару күні» ауқымды экологиялық акцияға ұласты. Осы орайда бүкіл республика аумағында «Мөлдір бұлақ» бастамасы қолға алынып, бұлақтардың көзін ашу, жағалауларды тазарту және ағаш егу жұмыстары жаппай жүргізіледі. Тоқаев бұл шараның тек тазалық жұмыстарымен шектелмейтінін, оның терең идеологиялық мәні барын атап өтті. Ол Наурыз мейрамы кезінде қабылданған Жаңа Халық Конституциясында азаматтардың табиғатқа қамқорлығы ұлттық дүниетанымның басты қағидаты ретінде бекітілгенін еске салды.
«„Таза Қазақстан“ идеологиялық тұжырымдамасының түпкі мәні көшелерді, аулаларды және айналамызды таза ұстаудан ғана емес, Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бастайтын ниет пен пейілдің тазалығынан көрініс табады», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар президент табиғат игіліктерін ұқыпты пайдаланып, саналы тұтыну жолын таңдаған азаматтар санының артуы – жарқын болашақтың кепілі екенін жеткізді.
«Мен бүкіл халқымызды тазалық пен тәртіп эстафетасына белсене қатысуға шақырамын. Бәріміз күш біріктірсек, елімізді биік белестерге жетелеп, Әділетті, Таза, Өркендеген Қазақстанды құра аламыз», - деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Фото: Әлеуметтік желіден

Related

«Таза Қазақстан» идеологиясының мәні: Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады · Todayinfo