Тоқаев жаңадан тағайындалған министрге ЖИ-ді дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді
Фото: Ақорда Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде ұлттық цифрлық инфрақұрылымды одан әрі өркендет

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде ұлттық цифрлық инфрақұрылымды одан әрі өркендету, экономика мен әлеуметтік саланың негізгі бағыттарына жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ азаматтар мен бизнес үшін мемлекеттік цифрлық қызмет көрсетудің сапасын арттыру жөнінде тапсырма берді.
Президент ЖИ мен цифрлық технологиялар бойынша еңбек ететін білікті мамандар даярлау мәселесіне баса назар аударды.
Мемлекет басшысы жоғары технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстанның өңірлік цифрлық хаб ретіндегі орнын нығайту қажеттігін атап өтті.
Премьер-министрдің орынбасарына Жолдауда белгіленген Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі басым мақсаттарды нақты іске асыру жүктелді.
Related

Өзгекті жазбалар
Income of 20 billion tenge: Zhumabek Zhanykulov's ex-wife demanded an audit of her husband's income (VIDEO)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Алматыда қаза тапқан полицей жеті баланың әкесі болған: қылмысқа қатысты тың ақпарат шықты
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Өскеменге Шыңғыс ханның алып ескерткішін тұрғызу керек - академия президенті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Инфекциялық асқынулар мен сепсис: Денсаулық сақтау министрлігі Ербаян Мұхтар жайлы мәлімет жариялады
Айдар Керім·