Todayinfo.kz
NewsView all articles

Тоқаевтың тапсырмасын тыңдамаған төтеншеліктер: Алматы қалалық ТЖД-нің басшылары 416 млн теңгеге екі-ақ көлік алды

Фото: видео скриншот Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік бюджет есебінен америкалық GMC бренді шығаратын екі ірі жүк көлігін сатып алған. Автомобильдің біреуінің құны – 186 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды  Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Төтен

By Айғаным Нариманова··2 min read
Тоқаевтың тапсырмасын тыңдамаған төтеншеліктер: Алматы қалалық ТЖД-нің басшылары 416 млн теңгеге екі-ақ көлік алды
Фото: видео скриншот Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік бюджет есебінен америкалық GMC бренді шығаратын екі ірі жүк көлігін сатып алған. Автомобильдің біреуінің құны – 186 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Төтенше жағдайлар департаменті екі реанимобильді сатып алу үшін заңдағы 16-бап, 3-тармақтың 3) тармақшасын алға тартқан. Автокөліктерді мына мақсатта сатып алған: ▶Дағдарыстық, төтенше жағдайларды немесе төтенше жағдай режимінің салдарын алдын алу, шектеу немесе жою; ▶Қазақстан аумағында алғаш рет немесе қайта анықталған жануарлардың аса қауіпті, экзотикалық ауруларын, карантиндік объектілерді немесе бөгде түрлерді оқшаулау және жою; ▶Жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша карантин аймақтарында және қолайсыз пункттерде іс-шаралар өткізу, карантиндік объектілердің таралу ошақтарын жою, шұғыл фитосанитариялық шараларды жүргізу; ▶Электр желілері, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері, теміржол, әуе, автокөлік, су көлігі объектілері, тазарту құрылыстары, мұнай және газ құбырларындағы технологиялық бұзушылықтарды жою; ▶Шұғыл медициналық араласуды қажет ететін жағдайларда; ▶Жолда коммуникациялар, техникалар, механизмдер, агрегаттар, қосалқы бөлшектер немесе материалдар істен шыққанда оларды дереу қалпына келтіру. Америкалық реанимобильдердің сипаттамасында былай делінген: “GMC SIERRA маркалы медициналық-құтқару реанимобилі. Жеңіл, механикалық трансмиссия, F класс, көлемі 3000 куб.см-ден жоғары. 2 автомобиль. Бір көліктің құны – 186 084 464 теңге”, – делінген мемлекеттік сатып алу сайтында. Осылайша екі реанимобильдің бағасы – 372 168 928 теңге болды. Қосылған құн салығын қосқанда 416 миллион теңге. Тапсырыс былтыр қазан айында жасалған. Сондай-ақ сайтта автокөліктердің келісімшартты мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркеген күннен бастап ең көп дегенде 15 күн ішінде жеткізілуі тиіс екендігі көрсетілген. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет бюджет қаражатын тиімсіз жұмсауға жол бермеу қажеттігін атап өткен болатын. Президенттің айтуынша, мемлекеттік қаржы ең алдымен халықтың өмір сапасын арттыруға, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге және нақты нәтижесі бар жобаларға бағытталуы тиіс. Сондай-ақ ол жауапты мемлекеттік органдарға «бюджет қаржысын оңды-солды шашуды доғарып, әр теңгенің тиімді жұмсалуын қатаң бақылауға алу қажет» екенін тапсырған.

Related

Тоқаевтың тапсырмасын тыңдамаған төтеншеліктер: Алматы қалалық ТЖД-нің басшылары 416 млн теңгеге екі-ақ көлік алды · Todayinfo