Todayinfo.kz
NewsView all articles

Ядролық қаруға жол бермеймін: Трамп Иранды «бомбалар патшасы» деп атады

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды "бомбалар патшасы" деп атап, "Түн ортасындағы балға" операциясы арқылы ядролық бағдарламасын жойғанын айтты.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Ядролық қаруға жол бермеймін: Трамп Иранды «бомбалар патшасы» деп атады
АҚШ президенті Дональд Трамп жыл сайынғы баяндамасында Иранға қатысты қатаң мәлімдеме жасап, оның ядролық қару бағдарламасына ешқашан жол бермейтінін кесіп айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Трамп Иран режимін терроризмді экспорттаушы деп атап, АҚШ-тың «Түн ортасындағы балға» деп аталатын арнайы операциясы арқылы оның ядролық бағдарламасын жойғанын мәлімдеді.
«Президент ретінде мен мүмкін болған жерде бейбітшілік орнатамын. Бірақ егер әлемнің кез келген жерінде Америкаға қауіп төнсе, оған қарсы әрекет етуден ешқашан тайсалмаймын. Сол себепті өткен жылдың маусым айында АҚШ армиясының “Түн ортасындағы балға” атты күрделі операциясы барысында Иран аумағына соққы жасап, Иранның ядролық қару бағдарламасын жойдық. Ондаған жылдар бойы АҚШ саясаты Иранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу болды. 47 жыл бұрын олар сол елді бақылауға алғаннан бері бұл режим және оған қарасты кісі өлтіруші күштер терроризм, өлім және өшпенділіктен басқа ештеңе экспорттаған жоқ. Олар жол жиегіндегі жарылғыш құрылғылар арқылы мыңдаған америкалық сарбазды, жүздеген мың немесе миллиондаған адамдарды өлтірді және жаралады. Олар — жол бойындағы бомбалардың патшасы. Менің бірінші президенттік кезеңімде біз генерал Сүлейманиді өлтірдік. Ол жол жиегіндегі бомбалардың әкесі болды. Жақында олар өз елінде кем дегенде 32 мың наразылық білдірушіні өлтірді. Оларға оқ атты және дарға асты. Біз қорқыту арқылы көптеген өлім жазаларын тоқтаттық. Олар жаман адамдар. Қазір олар Еуропа мен шетелдегі біздің базаларымызға қауіп төндіретін зымырандар жасап шығарды. Сондай-ақ АҚШ аумағына жететін зымырандар жасаумен айналысып жатыр. “Түн ортасындағы балғадан” кейін оларға қару бағдарламасын қайта қалпына келтірмеу туралы ескерту жасалды. Әсіресе ядролық қару жасамау жөнінде. Соған қарамастан олар бұл әрекеттерін жалғастырды. Біз жойдық, олар қайта бастады. Қазір олар өздерінің зұлым ядролық бағдарламасына қатысты амбицияларын қайта жаңғыртып отыр. Біз олармен келіссөз жүргізіп жатырмыз және олар келісім жасағысы келеді. Бірақ біз әлі де “бізде ядролық қару болмайды” деген сөздерді естіген жоқпыз. Мен бұл мәселенің дипломатия арқылы шешілгенін қалаймын. Бірақ бір нәрсеге сенімдімін: мен ешқашан әлемдегі ең ірі терроризмді қолдаушы мемлекетке ядролық қаруға қол жеткізуге жол бермеймін», - деді Трамп.
Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Ядролық қаруға жол бермеймін: Трамп Иранды «бомбалар патшасы» деп атады · Todayinfo