Todayinfo.kz
NewsView all articles

Трансгендер Амилай тұрмысқа шығатынын айтты

Қазақстандық трансгендер блогер Амилай Баймұратова өз парақшасында сақина ұсынылып жатқан сәттің бейнежазбасын жариялап, бұл жазбасы арқылы тұрмысқа шығуы мүмкін екенін меңзеді,деп хабарлайды Todayinfo.kz. Кадрда белгісіз ер адамның сақина ұсынып жатқан сәті көрсетілген. “Бәлкім,

By Айғаным Нариманова··1 min read
Трансгендер Амилай тұрмысқа шығатынын айтты

Қазақстандық трансгендер блогер Амилай Баймұратова өз парақшасында сақина ұсынылып жатқан сәттің бейнежазбасын жариялап, бұл жазбасы арқылы тұрмысқа шығуы мүмкін екенін меңзеді,деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Кадрда белгісіз ер адамның сақина ұсынып жатқан сәті көрсетілген.

“Бәлкім, бұл жазба бір жүрекке жетер… Бәлкім, дәл қазір сен оқып отырсың… Мен махаббатқа сенемін. Ал сен ше?” – деп жазды Амилай.

Жазбаның астына түрлі пікірлер жазылды. Бірі:

“Нағыз сенсация! Амилай тұрмысқа шыққалы жатыр ма?” – десе, енді бірі бұл жаңалыққа сенімсіздікпен қарады.

Айта кету керек, блогер жазбаға #архив хэштегін қосқан, яғни бейнежазба бұрынғы уақытта түсірілген болуы мүмкін.

Әлеуметтік желідегі тікелей эфирлеріне қарағанда, Амилай қазіргі таңда Малайзияда жүрген. Бұл оның жеке өмірінде жаңа бетбұрыстар болып жатқанын растайтындай.

Related

Трансгендер Амилай тұрмысқа шығатынын айтты · Todayinfo