«Ардагерлер – қоғамның алтын қоры. Сіздер еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдениеті мен руханиятының қалыптасуына ұзақ жылдар бойы адал еңбек сіңірдіңіздер. Сондықтан да ардагерлердің орны қашанда биік, пікірі қашанда құнды», – деді қала әкімі.Сонымен қатар, Әзімбек Пазылбекұлы ардагерлерді Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысы мен алдағы парламенттік реформаларды талқылауға белсене қатысуға шақырды. Фото: Әлеуметтік желіден
«Сіздердің пікіріңіз қашанда құнды»: Түркістан әкімі ардагерлерге үндеу жасады
Түркістан қалалық Ардагерлер кеңесіне жаңа төраға сайланды. Қала басшысы ардагерлердің қоғамдағы рөліне тоқталып, маңызды үндеу жасады.
By Мухтар Жексенбаев (журналист)··1 min read

Түркістан қаласында «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі филиалының ІХ конференциясы өтіп, онда қалалық Ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы сайланды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Жиында қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы кеңестің жаңа төрағасы болып сайланған Қыдырәлі Оспанұлы Рысбековті құттықтап, оны кеңес мүшелеріне таныстырды.
Конференция барысында ардагерлердің қоғам өміріне белсенді араласып, түрлі бастамаларға қолдау білдіретіні ерекше атап өтілді. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Берекелі қоғам» құру идеясымен үндесетіні айтылды.
Related

Turkistan city
Түркістанда «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында Қарашық өзенінің бойы тазаланды
Айғаным Нариманова·

Turkistan city
Түркістан қаласында «Гүлдер патшайымы» референдумға қатысты
Мейіржан Әуелханұлы·

Turkistan city
Танымал әнші Төреғали Төрәлі референдумда өз таңдауын жасады
Мейіржан Әуелханұлы·

Turkistan city
Түркістан қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы бойынша арнайы жиын өтті
Жаннұр Еділбаева·