Todayinfo.kz
ОқиғаларView all articles

Түркістан облысында 1-курстың қызы зорлықпен өлтірілді

Түркістан облысының Төрткүл ауылында колледж студентінің денесі табылды. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Todayinfo. Ақпаратты Түркістан облысының полиция департаменті растады. «6 маусым күні сағат 07:05-те Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында қыз баланың мәйіт

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Түркістан облысында 1-курстың қызы зорлықпен өлтірілді
Түркістан облысының Төрткүл ауылында колледж студентінің денесі табылды. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Todayinfo.
Ақпаратты Түркістан облысының полиция департаменті растады.
«6 маусым күні сағат 07:05-те Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында қыз баланың мәйіті табылды. Ол - колледждің бірінші курс студенті. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды», - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.
Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық істі тергеу барысын полиция басшылығы қатаң бақылауына алған.

Related

Түркістан облысында 1-курстың қызы зорлықпен өлтірілді · Todayinfo