Todayinfo.kz
NewsView all articles

Түркістан облысында қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Фото: Түркістан облысы ПД Кентауда жаңа туған сәбидің денесі табылған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Қазіргі уақытта баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Полицейлер үй-үйді аралап, бей

By Айғаным Нариманова··1 min read
Түркістан облысында қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды
Фото: Түркістан облысы ПД Кентауда жаңа туған сәбидің денесі табылған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Қазіргі уақытта баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Полицейлер үй-үйді аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары мен мүмкін куәгерлерден жауап алып жатыр, сондай-ақ медициналық мекемелерді тексеруде.
«Тергеу аясында барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды», – делінген хабарламада.

Related

Түркістан облысында қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды · Todayinfo