«Сондай-ақ, бұқаралық ақапарат құралдарының өкілдері Шорнақ ауылдық округіндегі «TAK Mebel» жиһаз кәсіпорнына аялады. Жылына 12 000 дана өнім өндірілетін цехта 45 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сапалы жиһаздарға сұраныс жоғары. Жиһаз өнімдері сапа менеджменті сертификатпен расталған», - деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Түркістан облысында жаңбырлатып суару машиналары шығарылмақ
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын кәсіпкерлерге қажетті техниканы шығармақ. Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округінде жаңбырлатып суару машиналары мен тракторлар шығаратын зауыт жұмыс істеп тұр. Бүгінгі таңда 80 адамды тұрақты жұмыспен қамтып о

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын кәсіпкерлерге қажетті техниканы шығармақ. Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округінде жаңбырлатып суару машиналары мен тракторлар шығаратын зауыт жұмыс істеп тұр. Бүгінгі таңда 80 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «BNK GROUP LTD» ЖШС мекемесі жылына 950 дана жаңбырлатып суару технологиясымен жұмыс істейтін машиналарды өндіруге қауқарлы, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі.
Облыстағы іргелі өндіріс орнына БАҚ өкілдері арнайы барып, жұмысымен танысты. Сонымен қатар, журналистер аталған ауылдық округте орналасқан «Ақниет Холдинг» Мүгедектор қоғамының зауытына барды. Онда тұрақты жұмыс істейтін жүзден астам адам әскери шатыр өндірісімен айналысады. Бұдан бөлек, өндіріс орны корпустық, жұмсақ және медициналық жиһаз өндірісін қолға алған.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің келесі барған нысаны - Қарашық ауылдық округіндегі «Дильназ» шаруашылығы болды. Жылыжайда жыл бойы түрлі үй және көше өсімдіктері өсіріледі. Олардың қатарында раушан, лотос, шырайгүл, шырша, жеміс ағаштары бар. Жайқалған гүлдерге сұраныс көп. Алыс-жақын қалаларға жеткізу қызметі де қолға алынған. Кәсіпкер Дильназ Омарова гүлді суаруда заманауи технологияларды қолданып келеді. Қазіргі таңда жылыжайда ауыл тұрғындары жұмыс істейді. Сонымен қатар, кәсіпкер бөлме гүлдерін отырғызатын керамикалық ыдыстар мен түрлі мүсіндер дайындайды.
Related

Regions
«Qamqor sos»: в Алматинской области запущен первый в Казахстане цифровой пункт экстренной медицинской помощи
Айғаным Нариманова·

Regions
«Qamqor sos»: Қазақстандағы алғашқы цифрлық жедел медициналық көмек пункті Алматы облысында іске қосылды
Айғаным Нариманова·

Regions
Флаг, Гимн и Герб: аким Алматинской области провел встречу с детьми
Айғаным Нариманова·

Regions
Көк Ту, Елтаңба, Әнұран: Қонаевта балаларға тағылымды кездесу ұйымдастырылды
Айғаным Нариманова·