Айта кетейік, «Алтын күз әуендері» концерттік бағдарламасы 12-қыркүйек «Керуен Сарай» кешені, 13-қыркүйек «Жеңіс саябағы», 20-қыркүйек Бекзат секторындағы «Жаңа саябақ», 27-қыркүйек Бекзат секторындағы «Жаңа саябақта» сағат 17:00-де өтеді. Өз кезегінде қала әкімдігі Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарын көңілді кештің қонағы болып, күнделікті қоңыр тіршіліктен бір сергіп демалуға шақырады.Түркістанда «Алтын күз әуендері» іс-шарасы басталды
Түркістан қаласында «Алтын күз әуендері» атты ауқымды іс-шара басталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ашық аспан астында ұйымдастырылған концерттік бағдарлама шаһардағы «Жібек жолы» саябағында өтті. Түркістан қаласы әкімдігінің хабарлауынша «Түркі әлемінің турист

Түркістан қаласында «Алтын күз әуендері» атты ауқымды іс-шара басталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ашық аспан астында ұйымдастырылған концерттік бағдарлама шаһардағы «Жібек жолы» саябағында өтті. Түркістан қаласы әкімдігінің хабарлауынша «Түркі әлемінің туристік астанасы» атанған тарихи шаһарда аталған күзгі концерттік бағдарлама алдағы уақытта да әр секторда жалғасады деп жоспарланып отыр.
Мәдени шарада Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты. Қазақтың ұлттық аспаптарымен патриоттық және эстрадалық бағыттағы әсем әндер шырқалды. Сонымен қатар, рухани шаһардағы саябақта серуен құрған қала тұрғындары мен қонақтары сахнаға шығып караокемен ән айтып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Яссы» би ансамблінің бишілері «Әгугай», «Шабыт» биін билеп, кештің көркін аша түсті.
Бұл мәдени шараның негізгі мақсаты – қаншама ақынның жырына, жазушының қаламына арқау болған құбылмалы мезгілде қала тұрғындары мен туристерінің жанын жадыратып, қуаныш пен шаттық сыйлау. Ашық аспан астындағы ән тыңдармандары көңілді кештен керемет әсер алып, келуге тағы ниетті екендерін білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.
Айта кетейік, «Алтын күз әуендері» концерттік бағдарламасы 12-қыркүйек «Керуен Сарай» кешені, 13-қыркүйек «Жеңіс саябағы», 20-қыркүйек Бекзат секторындағы «Жаңа саябақ», 27-қыркүйек Бекзат секторындағы «Жаңа саябақта» сағат 17:00-де өтеді. Өз кезегінде қала әкімдігі Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарын көңілді кештің қонағы болып, күнделікті қоңыр тіршіліктен бір сергіп демалуға шақырады.
Айта кетейік, «Алтын күз әуендері» концерттік бағдарламасы 12-қыркүйек «Керуен Сарай» кешені, 13-қыркүйек «Жеңіс саябағы», 20-қыркүйек Бекзат секторындағы «Жаңа саябақ», 27-қыркүйек Бекзат секторындағы «Жаңа саябақта» сағат 17:00-де өтеді. Өз кезегінде қала әкімдігі Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарын көңілді кештің қонағы болып, күнделікті қоңыр тіршіліктен бір сергіп демалуға шақырады.Related

Руханият
"Қайғы мен қасіретті қалай көтеріп жүргеніңді өзіңнен басқа ешкім білмеді" – Берік Жүсіпов Асанәлі Әшімов туралы
Мейіржан Әуелханұлы·

Руханият
Стэнфорд гранты: Шымкенттік қызға 350 млн теңге берілді
Мейіржан Әуелханұлы·

Руханият
Жастар және діни экстремизм: Жат ағымдардың ұлттық қауіпсіздікке қатері және оның алдын алудағы мемлекеттік стратегиялар мен ақпараттық жұмыс
Мейіржан Әуелханұлы·

Руханият
Мемлекеттік қуыршақ театрында «Менің атым – Қожа» қойылымының премьерасы өтеді
Мейіржан Әуелханұлы·