Түркістандықтар бүгін сенбілікке шығып, 26 аумақты тазалады. “Таза Қазақстан” ұлттық жобасы аясында өткен тазалық шарасына шаһар тұрғындары мен еріктілер белсене қатысты. Сенбілікке 1000-ға жуық адам қатысып, көше бойларын тазартып, жиналған қоқысты және кесілген ағаштарды тасыма
Түркістандықтар бүгін сенбілікке шығып, 26 аумақты тазалады. “Таза Қазақстан” ұлттық жобасы аясында өткен тазалық шарасына шаһар тұрғындары мен еріктілер белсене қатысты.
Сенбілікке 1000-ға жуық адам қатысып, көше бойларын тазартып, жиналған қоқысты және кесілген ағаштарды тасымалдауға коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен 20-дан астам техника жұмылдырылды. Қураған өскіндерді қырқу үшін 50 арнайы техника пайдаланылды.

Сенбілікке қатысқан қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков тазалық жұмыстарын аралап тексерді. Шаһар басшысы ұлттық жоба аясында бекітілген тапсырма-жоспардың орындалуын жеке қадағалайтынын айтып, сектор басшыларына көпқабатты үйлердің аулаларын күтіп-ұстауда және тазалық шараларын ұйымдастыруда Мүлік иелері бірлестігінің белсенділігін арттыру қажеттігін ескертті.
