Todayinfo.kz
NewsView all articles

Түркия турист қызды ту ілінген бағанға билегені үшін соттамақ

Түркияда турист қызға ел туы тігілген бағанада би билегені үшін түрмеге қамалуы мүмкін. Оған мемлекеттік рәмізді қорлады деген айып тағылды, деп хабарлайды Todayinfo Baza Telegram -арнасына сілтеме жасап. Каппадокияда шетелдік қыз Түркия туы ілінген флагштокта акробатикалық трюкт

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Түркия турист қызды ту ілінген бағанға билегені үшін соттамақ

Түркияда турист қызға ел туы тігілген бағанада би билегені үшін түрмеге қамалуы мүмкін. Оған мемлекеттік рәмізді қорлады деген айып тағылды, деп хабарлайды Todayinfo Baza Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Каппадокияда шетелдік қыз Түркия туы ілінген флагштокта акробатикалық трюктерді орындаған. Жергілікті тұрғындар оның әрекетін мемлекеттік рәмізді қорлау деп бағалап полицияға шағымдана бастаған. Нәтижесінде прокуратура қылмыстық іс қозғады.

«Ту – біздің ар-намысымыз, көзіміздің нұры. Біз Каппадокияға келген туристерді әрдайым қонақжайлықпен қарсы алдық. Алайда ұлттық және рухани құндылықтарымызға мұндай құрметсіздік мүлде жол берілмейді», – деді жергілікті партия депутаты Эмре Чалышкан.

Фото: скрин

Related

Түркия турист қызды ту ілінген бағанға билегені үшін соттамақ · Todayinfo