"Мен Қазақстандағы цифрландыру нәтижесі туралы әрдайым мақтанышпен айтамын, ол көптеген елдер үшін үлгі болды. Kaspi.kz әлемде теңдесі жоқ сервистер әзірлейді. Hepsiburada да өз кезегінде электрондық коммерция саласында ұлттық көшбасшы болып табылады және оның мәдениеті көп жағынан біздікіне ұқсас. Біз e-commerce, қаржытех, қолма-қол ақшасыз төлемдер және Қазақстан мен Түркиядағы басқа да көптеген инновацияларды дамытуды жалғастыру үшін Kaspi.kz пен Hepsiburada-дағы бірлескен білім мен технологияны қолданамыз. Қазақстандық және түрік кәсіпкерлері осы ынтымақтастықтың арқасында олар үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктерден пайда көретініне сенімдімін", — деп атап өтті Михаил Ломтадзе.2025 жылдың басында Kaspi.kz Түркияның ең ірі e-commerce платформаларының бірі — Hepsiburada акцияларының бақылау пакетін сатып алған болатын. Наурызда Rabobank A.Ş. — Түрік Rabobank "еншілесін" сатып алу туралы келісімге қол қойылды.
Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз Михаил Ломтадземен кездесті
Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі, сондай-ақ Hepsiburada директорлар кеңесінің төрағасы Михаил Ломтадземен кездесті. Кездесу Анкарадағы Президенттік кешенде өтті. Джевдет Йылмаз мырза Түркияға инвестиция салғаны үшін ризашылығын

Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі, сондай-ақ Hepsiburada директорлар кеңесінің төрағасы Михаил Ломтадземен кездесті. Кездесу Анкарадағы Президенттік кешенде өтті.
Джевдет Йылмаз мырза Түркияға инвестиция салғаны үшін ризашылығын білдіріп, Kaspi.kz пен Hepsiburada-ға табыс тіледі.
Кездесу барысында Михаил Ломтадзе Kaspi.kz-тің миссиясы сүйікті клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистерді жасау екенін әңгімеледі және Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық екі елдің кәсіпкерлері үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·