Todayinfo.kz
NewsView all articles

Тұрсын Алагөзов 27 жыл бірге өмір сүрген жұбайымен ажырасуы жайлы айтты

Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Айсәуле Бақытбекке берген сұқбатында бұрынғы жұбайымен қарым-қатынас, ажырасу барысы мен оның салдары туралы алғаш рет ашық әңгімеледі,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. «46 жасымда, 27 жыл бірге өмір сүрген, балаларымның анасымен ажыр

By Айғаным Нариманова··1 min read
Тұрсын Алагөзов 27 жыл бірге өмір сүрген жұбайымен ажырасуы жайлы айтты

Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Айсәуле Бақытбекке берген сұқбатында бұрынғы жұбайымен қарым-қатынас, ажырасу барысы мен оның салдары туралы алғаш рет ашық әңгімеледі,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

«46 жасымда, 27 жыл бірге өмір сүрген, балаларымның анасымен ажырастым. Бұрынғыдай қамқорлық пен сүйіспеншіліктің қалмағанын сездім», – деді Алагөзов.

Ажырасу кезінде дүние-мүлік бөліске салынып, күрделі заңды процестер басталған.

Кәсіпкердің айтуынша, бұрынғы жұбайы заңгер, ал өзі инженер болғандықтан, бұл процесте тәжірибе жағынан айырмашылықтар сезілген.

«Ол: “Үлестің 50 пайызын бересің” деді. Мен компанияның жартысын беріп, ажырасу бөлігін солай аяқтаймыз деп ойладым. Алайда ол: “Сен өз үлесіңді бердің, енді заң жүзінде қалған 50 пайызын да бер” деді», – дейді ол.

Алагөзов бұл жағдайдан кейін тек киім-кешегін алып, басқа пәтерге көшіп кеткенін жеткізді.

Related

Тұрсын Алагөзов 27 жыл бірге өмір сүрген жұбайымен ажырасуы жайлы айтты · Todayinfo