Todayinfo.kz
NewsView all articles

Тұрсынбек Қабатов пен жұбайына қатысты қауесетке нумеролог пікір білдірді

Әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатов пен оның жұбайы Мөлдір Мұқановаға қатысты түрлі қауесет әлі де толастар емес. Желі қолданушылары «Базар жоқ» театрының басшысы жас әйелмен көңіл қосқан деген бейресми ақпаратты талқылауда,деп хабарлайды Todayinfo .kz . Осы жағдайға байланысты н

By Айғаным Нариманова··1 min read
Тұрсынбек Қабатов пен жұбайына қатысты қауесетке нумеролог пікір білдірді

Әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатов пен оның жұбайы Мөлдір Мұқановаға қатысты түрлі қауесет әлі де толастар емес. Желі қолданушылары «Базар жоқ» театрының басшысы жас әйелмен көңіл қосқан деген бейресми ақпаратты талқылауда,деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Осы жағдайға байланысты нумеролог Айнұр Instagram парақшасында жұлдызды жұптың қарым-қатынасына қатысты пікір білдіріп, Мөлдір Мұқанованың жеке тұлғалық болмысын сипаттады:

«Мөлдір Мұқанова – өзін толықтай еріне арнап, өз болмысын ұмытқан әйелдің жарқын үлгісі. Өкінішке қарай, мұндай тағдырдан көптеген әйелдер өтуде. Бұл – ішкі дағдарыс арқылы өмірді қайта құруға мәжбүрлейтін ауыр жағдай. Алдымен өзіңізді сүйіңіз, сол кезде әлем де сізді сүйетін болады», – деп жазды сандар маманы.

Нумерологтың бұл пікірі желі қолданушылары арасында әртүрлі реакция туғызды. Кейбіреулер оны отбасылық мәселеге араласты деп сынаса, басқалары жағдайды тереңірек түсініп, пікір қалдырды:

  • «Сіздер неге біреудің отбасына араласасыздар? Ол сіздерден кеңес сұрады ма?»

  • «Қабатов – өзінің талантымен шыққан бренд. Ол болмаса, Мөлдірді білмес едік»

  • «20 жыл – аз уақыт емес. Бәрібір өкінеді. Балалар түгел әкесіне тартқан»

  • «Еркекті сүй, түсін, сатқындық жасама – сонда ол саған қандай ақымақ болғаныңды көрсетеді»

Жалпы, қоғамда бұл оқиғаға қатысты пікір қақ жарылып отыр. Қабатов пен Мұқанова тарапынан бұл мәселеге қатысты ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Related