Todayinfo.kz
World

Тышқан секілді тығылып қалды: Тель—Авив көшесінде тик-ток түсірген Өзбектан азаматы тұтқындалды

Израильде жұмыс істеп жүрген Өзбекстан азаматы әлеуметтік желіде жариялаған видеосынан кейін жергілікті полицияның қолына түсті. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Оқиға Израиль астанасы Тель-Авив қаласында болған. Ер адамның айтуынша, қалада зеңбірек дау

By Айғаным Нариманова··1 min read
Тышқан секілді тығылып қалды: Тель—Авив көшесінде тик-ток түсірген Өзбектан азаматы тұтқындалды

Израильде жұмыс істеп жүрген Өзбекстан азаматы әлеуметтік желіде жариялаған видеосынан кейін жергілікті полицияның қолына түсті. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Оқиға Израиль астанасы Тель-Авив қаласында болған. Ер адамның айтуынша, қалада зеңбірек дауыстары естіліп, кейін әуе дабылының сиренасы қосылған. Осыдан кейін тұрғындар қауіпсіз жерлерге жасырынған.

Алайда шетелдік жұмысшы көшеге шығып, бос қалған көшелерді видеоға түсірген. Ол бейнежазбада «көшеде бір адам жоқ, бәрі қорқып тығылып қалған» деген сарында пікір айтып, роликті TikTok желісіне жариялаған.

Бейнежазбаны көрген жергілікті құқық қорғау органдары ер адамды анықтап, оны ұстап әкеткені хабарланды. Қазіргі уақытта оның ісі бойынша тиісті тексеру жүргізіліп жатыр.

Жергілікті билік өкілдері қауіпсіздікке қатысты жағдайларда тұрғындарды дабыл талаптарын сақтауға және арандатушылық сипаттағы материалдарды таратпауға шақырады.

Related