Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Үлкен Алтай» конференциясы: Абай облысы ірі инвестициялық келісімге қол жеткізді

2025 жылғы мамыр айында Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялы өлкесінің Алтай қаласында өткен халықаралық «Үлкен Алтай» субөңірлік конференциясы аясында Абай облысы үшін тарихи мәні бар келісімдер жасалды. Іс-шараға Қазақстанның Абай, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарының, Ресейді

By Айғаным Нариманова··2 min read
«Үлкен Алтай» конференциясы: Абай облысы ірі инвестициялық келісімге қол жеткізді

2025 жылғы мамыр айында Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялы өлкесінің Алтай қаласында өткен халықаралық «Үлкен Алтай» субөңірлік конференциясы аясында Абай облысы үшін тарихи мәні бар келісімдер жасалды. Іс-шараға Қазақстанның Абай, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарының, Ресейдің Алтай өңірі мен Моңғолияның шекаралас аудандарының делегаттары қатысты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Конференция нәтижесінде Абай облысы әкімдігі мен Қытайдың мемлекеттік және жеке секторы арасында жалпы құны 1,568 миллиард АҚШ долларына тең 15 маңызды меморандумға қол қойылды. Бұл құжаттар білім беру, тұрғын үй құрылысы, ауыл шаруашылығы, туризм, көлік инфрақұрылымы, қалдықтарды өңдеу, биотехнология, логистика мен тау-кен өнеркәсібі сияқты түрлі салалардағы ынтымақтастықты көздейді. Абай облысы мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас ерекше қарқынмен дамып келеді. Қазіргі таңда екіжақты тауар айналымы 287 млн АҚШ долларын құраса, соның 256,9 миллионы экспортқа тиесілі.
2023 жылмен салыстырғанда шекара маңындағы сауда көлемі 503 пайызға артып, рекордтық 2,3 млрд долларды межелеген. Абай облысы стратегиялық көлік тораптарының тоғысында орналасқан. Өңір арқылы Ресей, Қазақстан және Қытайды жалғайтын «Омбы – Майқапшағай» халықаралық автожолы өтеді. Сонымен қатар, «Аягөз – Тачен» теміржолын салу жобасы өңірдің транзиттік мүмкіндіктерін едәуір арттырады.

Облыс аумағында халықаралық ИКАО стандарттарына сай әуежай жұмыс істейді, бұл логистикалық және туристік ағынды дамытуға мүмкіндік береді. Суы шипалы Алакөл көлі Қытаймен шекараға жақын орналасқан маңызды туристік бағытқа айналып отыр.

Конференцияда сөйлеген сөзінде Абай облысының әкімі Берік Уәли Қытаймен достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын айтып өтті:

«Бізде Қытай серіктестерімен тиімді ынтымақтастық тәжірибесі бар. Өңірде жел және күн электр станцияларының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, металлургия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, машина жасау салаларында әлеует зор», – деді аймақ басшысы.

     

Related

«Үлкен Алтай» конференциясы: Абай облысы ірі инвестициялық келісімге қол жеткізді · Todayinfo