Үндістанда ондаған адам белгісіз дерттен өлді
Фото: Mahesh Kumar A. Үндістанда кемінде 16 адам белгісіз аурудан қайтыс болған. Марқұмдардың миы ісіп кеткен, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы Нindustan Тimes басылымына сілтеме жасап. Адам өлімі Джамму мен Кашмир штаттарында тіркелді. М

Фото: Mahesh Kumar A.
Үндістанда кемінде 16 адам белгісіз аурудан қайтыс болған. Марқұмдардың миы ісіп кеткен, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы Нindustan Тimes басылымына сілтеме жасап.
Адам өлімі Джамму мен Кашмир штаттарында тіркелді. Марқұмдардың барлығы үш отбасының мүшелері екені атап өтілді.
Жалпы 38 адамнан белгісіз ауру анықталған. Олардың барлығында бірдей белгілер бар: қызба, жүрек айну, әлсіздік. Қайтыс болған адамдардың миы ісіп кеткен.
Мамандар зерттеулер жүргізіп, үлгілерден вирустық немесе бактериялық инфекциясы бар науқастарды таппады. Қорытындыларға сәйкес, аурудың тарауына токсиннің әсері болған, бірақ нақты қандай токсин екені анықталмаған.
Бұған қарамастан, билік Джамму және Кашмир штаттарында карантин енгізді. Елді мекендердің аумағы шартты түрде үш аймаққа бөлінді, жергілікті тұрғындарға бұқаралық іс-шараларды өткізуге және қатысуға тыйым салынды. Жергілікті халық тұтынатын барлық тағамды тексеретін офицерлер де тағайындалды.
Белгісіз аурудан адамдар қайтыс болған үйлер мөрленген.
Related

World
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

World
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

World
US and Iran Reach 'Principled Deal' on Hormuz Strait: NYT
Todayinfo редакциясы·

World
Decision on Iran: Trump names deadline for resuming military actions
Todayinfo редакциясы·