"Таңертең Маниланың Интерполы Халықаралық қылмыстық соттан қамауға алу туралы ордердің ресми көшірмесін алды. Қазіргі уақытта Дутерте қамауда отыр", - делінген президент кеңсесінің мәлімдемесінде.Оның адвокаттары бұрынғы президент заңсыз қамауға алынды деп отыр. Родриго Дутерте бірнеше рет есірткі сатушыларға күш қолдануға шақырып, үш есірткі сатушыны өзі өлтіргенін жеткізген. 79 жастағы Дутерте өткен күзде Оңтүстік Минданао аралындағы Давао қаласының мэріне үміткер болғысы келетінін мәлімдеді. Ол бұл қызметті елді басқарғанға дейін атқарған.
Үш адамды өзі өлтірген: қамауға алынған Филиппиннің экс-президенті Гаага сотына тартылады
Фото: Риа Новости Филиппиннің бұрынғы президенті Родриго Дутерте Манила әуежайында ұсталды, деп хабарлайды Todayinfo сайты. Родриго Дутерте 2016 жылдың маусымынан 2022 жылдың маусымына дейінгі аралықта елді басқарды. Халықаралық қылмыстық сот оны тұтқындауға санкция беріп, а

Фото: Риа Новости
Филиппиннің бұрынғы президенті Родриго Дутерте Манила әуежайында ұсталды, деп хабарлайды Todayinfo сайты.
Родриго Дутерте 2016 жылдың маусымынан 2022 жылдың маусымына дейінгі аралықта елді басқарды. Халықаралық қылмыстық сот оны тұтқындауға санкция беріп, адамзатқа қарсы қылмыстар жасады деп айыптады. Құқық қорғаушылардың сөзінше, Дутерте билікте отырған жылдары есірткі саудасына қарсы күрес кезінде мыңдаған филиппиндік қаза тапты.
BBC жазуынша, осыған дейін экс-президент сот алдында жауап беруге дайын екенін айтқан.
Related

World
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

World
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

World
US and Iran Reach 'Principled Deal' on Hormuz Strait: NYT
Todayinfo редакциясы·

World
Decision on Iran: Trump names deadline for resuming military actions
Todayinfo редакциясы·