Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Үш бет арыз жазған»: Мектеп директоры ата-аналармен жұмыстағы қиындық жайлы айтты

Желіде мектеп директоры болып жұмыс істейтін маманның видеосы тарады. Ол әзіл-шыны аралас оқушылардың ата-аналырмен жұмыс істеу қиын екенін айтты,деп хабарлайды Todayinfo. 2023–2024 оқу жылы мен үшін ерекше басталды. Тамыз айының 30-ы күні директорлық қызметке ресми бұйрық шықты.

By Айғаным Нариманова··2 min read
«Үш бет арыз жазған»: Мектеп директоры ата-аналармен жұмыстағы қиындық жайлы айтты
Желіде мектеп директоры болып жұмыс істейтін маманның видеосы тарады. Ол әзіл-шыны аралас оқушылардың ата-аналырмен жұмыс істеу қиын екенін айтты,деп хабарлайды Todayinfo. 2023–2024 оқу жылы мен үшін ерекше басталды. Тамыз айының 30-ы күні директорлық қызметке ресми бұйрық шықты. Ал қыркүйектің 4-інен бастап жұмысқа кірістім. Бұл — менің алғашқы тәжірибем, бұған дейін мектеп басқару саласында жұмыс істеп көрмеген едім. Жаңадан келген басшы ретінде біраз қиындықтарға тап болатынымды іштей сезіп тұрдым. Қиын ата-анамен кездескен алғашқы жағдай Директор болып алғаш келген күндері-ақ ата-аналар тарапынан түрлі шағымдар келе бастады. Бір күні бір ата-ананың атына жазылған үш беттен тұратын арыз келіп түсті. Алғашында қобалжып, тіпті өз-өзіме сенімсіздік туындады. Бұрынғы директорыммен сөйлесіп, кеңес сұрадым. Ол кісі: «Сен мықтысың, бірақ бұл ата-анамен жұмыс істеу оңай болмайды. Бұл кісімен біраз "жерге барып келдік"», – деді. Сол сәтте өзіме: "Мен қайда келдім?" деген сұрақ қойдым. Диалог пен сенім — басты құрал Аталған ата-ананың баласы осы мектепте сегіз жыл оқыған екен. Кейін белгілі болғандай, бұл бала жазуға, шағымдануға бейім болыпты. Ата-анамен тікелей сөйлесуді жөн көрдім. Ойымда тек бір ғана тәсіл болды — ашық әңгіме. Себебі, бұл жағдайды басқа жолмен шешу мүмкін емес еді. Шәй үстіндегі түсіністік Ата-ананы мектепке арнайы шақырып, кәдімгі үйдегідей дастархан жайып, шәй ұсындым. Әңгіме барысында байқағаным, телефон арқылы жазба жіберіп жүрген адам мен шынайы адам — мүлде екі түрлі. Ашық сөйлесіп, жай-күйін сұрадым. Кей сәттерде әзіл қосып, «Сіз сұлусыз ба өзі?» деп те айттым. Әңгіме шынайы, жылы жүріп жатты. Бір кезде «Менің төрт балам бар» деп қалдым. Ол кісі де күліп: «Иә, мен де бала-шағам бар адаммын ғой», – деп жылы жауап қайтарды. Қорытынды: әр бала үшін ортақ мүдде Бұл кездесуден соң ол ата-ана мектепке деген көзқарасын өзгертті. Өзара түсіністік пайда болды. Бұл — мектеп пен ата-ананың ортақ мақсатқа, яғни бала болашағына бағытталған күш-жігерінің көрінісі. Мұндай сәттер мен үшін үлкен өмірлік сабақ. Директор болу — тек әкімшілік қызмет емес, бұл — жан дүниені түсіну, тыңдау және әр адамның ішкі әлеміне үңілу.        

Related

«Үш бет арыз жазған»: Мектеп директоры ата-аналармен жұмыстағы қиындық жайлы айтты · Todayinfo