Todayinfo.kz
РуханиятView all articles

Уланбатырда тоғызқұмалақтан жарыс өтіп жатыр

Моңғолияның Уланбатыр қаласында тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтіп жатыр. Турнирге Моңғолия, Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен келген жас спортшылар офлайн және онлайн форматта бақ сынап жатыр, деп хабарлайды Todayinfo. Ұлттық ойынымызды насихаттауға арналған жарысқа

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Уланбатырда тоғызқұмалақтан жарыс өтіп жатыр
Моңғолияның Уланбатыр қаласында тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтіп жатыр. Турнирге Моңғолия, Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен келген жас спортшылар офлайн және онлайн форматта бақ сынап жатыр, деп хабарлайды Todayinfo. Ұлттық ойынымызды насихаттауға арналған жарысқа 13, 15 және 17 жасқа дейінгі спортшылар қатысуда. Жарысты ұйымдастырушы – Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы мен Моңғолия Тоғызқұмалақ Федерациясы. Қазақстан атынан қатысып жатқан жасөспірімдер құрама командасының іссапарына ҚР Туризм және спорт министрлігі, Самұрық-Қазына қоры және Спортты дамыту қоры демеушілік жасап, қолдау көрсетіп отыр. Жарыс 19 қарашаға дейін жалғасады.

Related

Уланбатырда тоғызқұмалақтан жарыс өтіп жатыр · Todayinfo