«Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті
Алматы облысындағы Талғар өзенінде баласын құтқармақ болған әйел, ұлымен бірге суға кетті, деп хабарлайды Todayinfo. Облыстық ТЖД мәліметінше, Алматыдан демалуға келген 10 жастағы бала отбасымен бірге өзен жағасында жүргенде Талғар өзеніне құлап кеткен. Баласын көріп қалған анасы

Алматы облысындағы Талғар өзенінде баласын құтқармақ болған әйел, ұлымен бірге суға кетті, деп хабарлайды Todayinfo.
Облыстық ТЖД мәліметінше, Алматыдан демалуға келген 10 жастағы бала отбасымен бірге өзен жағасында жүргенде Талғар өзеніне құлап кеткен. Баласын көріп қалған анасы оны құтқаруға бірден суға секірген. Алайда екеуі де судан тірі шықпады.
Құтқарушылар кейін әйелдің денесін тапты. Ал баланы іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда.
Қазіргі уақытта құтқарушылар өзеннің арнасын бойлап, су қоймасына қарай іздестіру жүргізіп жатыр. Іздестіру-құтқару операциясына шамамен 110 қызметкер және 20-дан астам техника тартылған.
Жұмысқа ТЖД, РҚЖ ТЖМ РК, ПД қызметкерлері, ұлттық парк қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, “Lider.kz” еріктілер қозғалысы және басқа да еріктілер қатысуда.
Еске салсақ, мұндай жағдай Шығыс Қазақстан облысында да орын алды. Марқакөл ауданындағы Қара Ертіс өзенінде болған қайғылы оқиға салдарынан үш адам қаза тапты. Жасөспірім қыз бала рұқсат етілмеген жерде шомылып жүріп, суға бата бастаған. Оны құтқаруға 1991 және 1992 жылы туған екі ересек адам ұмтылғанымен, қатты ағынмен күресе алмай, үшеуі де су астында қалған.
Related

News
Президенттің бастамасы Маңғыстау мұрасын әлемге паш етті – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО-ның тізіміне енді
Жаннұр Еділбаева·

News
Науқан өңірлерге бет бұрды: партиялар жергілікті жерлердегі жұмысты бастады
Жаннұр Еділбаева·

News
Кампания сместилась в регионы: партии начали работу на местах
Жаннұр Еділбаева·

News
Мангистауские мечети могут стать новым объектом Всемирного наследия ЮНЕСКО
Жаннұр Еділбаева·