Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Ұлытаудан Бурабайға дейін:  Ұлттық Құрылтай елімізге оң  өзгерістер әкеле алды ма, әлде бос жиын ба? 

Ұлттық Құрылтай бесінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Жыл сайын әр облыста көшпелі түрде өткізіліп келе жатқан ұлттық жиын еліміздің дамуына тың серпін беруі тиіс. Ұлттың Құрылтайдың құрамында 117 адам бар. Олар жыл сайынғы жиында елдегі мәселелерді ашық көтеріп, қордаланған жұмыстар

By Айғаным Нариманова··4 min read
Ұлытаудан Бурабайға дейін:  Ұлттық Құрылтай елімізге оң  өзгерістер әкеле алды ма, әлде бос жиын ба? 
Ұлттық Құрылтай бесінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Жыл сайын әр облыста көшпелі түрде өткізіліп келе жатқан ұлттық жиын еліміздің дамуына тың серпін беруі тиіс. Ұлттың Құрылтайдың құрамында 117 адам бар. Олар жыл сайынғы жиында елдегі мәселелерді ашық көтеріп, қордаланған жұмыстарды шешудің жолын қарастырады. Сонымен бұған дейін өткен төрт Құрылтай қазақ еліне не берді, қандай және қанша заңның қабылдануына түрткі болды?  Todayinfo.kz порталы анықтап көрді.  Сіз бен біздің өмірімізге өзгеріс әкелуі тиіс жиын — Ұлы Құрылтай. 2022 жылы Президент Жарлығымен Ұлттық құрылтай құрылды. Бұл- елдік мәселелер көтерілетін маңызды алаң әрі билік пен халықтың арасын жалғайтын көпір. Елімізде осыған дейін Ұлттық Құрылтайдың IV отырысы өтті. Нәтижесінде, жалпы саны 26 заң қабылданды. Тағы 10-ы әзірленіп жатыр. Ұлттық құрылтай үлгісіндегі жиындар әлемнің көптеген елдерінде бар. Олардың атауы, құқықтық мәртебесі және қызметі әр елде әртүрлі. Мәселен, бізде ол ҚР Президенті жанындағы ұлттық кеңесші орган, Қырғызстан мен Францияда Конституциялық орган, Қытайда Конституциялық кеңесші орган, Моңғолияда  Жоғары заң шығарушы орган, Германияда арнайы ұлттық жиын.
«Қазақстандағы Ұлттық құрылтайдың өзге үлгілерден  кемшілігі құқықтық шешім қабылдау құзыреті жоқ. Орындау тетігі Үкімет еркіне тәуелді. Ұсыныстардың институционалдық бекітілуі әлсіз. Оны Құрылтай сессияларында көтерілген мәселелер ауқымынан да байқауға болады. Сондықтан оны  ұйымдастырушылар бұл жолы БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз  өткізгенді жөн көрген сияқты», — деп жазды ардагер журналист Ерлік Кебекбай.
Сонымен, хронология бойынша тоқталсақ… 2022 жыл. Ұлт ұясы- Ұлытау облысы. I отырыс Жиында ұлттық бірегейлік, тіл мен мәдениет, аймақтық даму, экономикалық әділеттілік мәселелері көтерілді. «25 қазан – Республика» күніне ұлттық мереке статусы берілді. “Еңбек адамы” тұжырымдамасы бекітілді. 2023 жыл. Киелі мекен-Түркістан. II отырыс Қасиетті топырақта ұрпақ тәрбиесіне баса мән берілді. Жастарымызды отаншыл, жасампаз, батыл, дарынды, білімді, озық әрі еңбекқор жан ретінде тәрбилейтін шаралар қолға алынды. 16 заң қабылданды. Яғни, вейпке тыйым салатын, ойын бизнесін реттестіретін заңдарға қол қойылды. Жұмысшы мамандықтарының мәртебесі өсті. Ең бастысы- «Түркістан қаласының ерекше статусы» бекітілді. 2024 жыл. Жайық жағасы - Атырау. III отырыс Жалпы ұлттық құндылықтарды одан әрі дамытуға басымдық берілді. Отбасындағы зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу туралы заң қабылданды.  Есірткі айналымы, лудомания, зорлық-зомбылық, вандазилм және ысырапшылдыққа қатысты ұсыныс айтылып, маңызды 10 заң әзірленді. 2025 жыл. Абылай хан ордасын тіккен Бурабай. IV отырыс Ел дамуына қатысты 53 тапсырма берілді. «Әділетті Қазақстан» құндылықтары, «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан»,«Еңбек адамы», «Жаңа қоғамдық этика», «Кітап оқитын ұлт» жобалары жүзеге асып жатыр. Тағы бір маңыздысы  «Мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдау туралы» заң жобасы әзірленуде. Әлеуметтік желілердегі жала жабу, бейәдеп сөздер қолдану үшін жауапкершілікті күшейтетін заң жобасы дайындалды. Қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киімді киюге тыйым салатын заң қабылданды. Демек, Құрылтай мінберінде көтерілген әр ұсыныс, әр бастама бүгінде елдің тіршілігіне шынайы өзгеріс әкеліп отыр. Мақсат – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту. Сондай-ақ әр азаматтың жан-жақты дамуына жағдай жасау. Сонымен бірге, Құрылтайдың әр аймақта өтуі сол өңірдің дамуына серпін береді.

Related

Ұлытаудан Бурабайға дейін:  Ұлттық Құрылтай елімізге оң  өзгерістер әкеле алды ма, әлде бос жиын ба?  · Todayinfo