Todayinfo.kz
NewsView all articles

Вьетнам Компартиясының Бас хатшысы То Лам Астанада сәбидің тұсауын кесті

Астанада ресми сапармен жүрген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге «Этноаул» көрмесін аралады, деп хабарлайды Todayinfo Ақордаға сілтеме жасап. Көрме қазақ халқының мәдени мұрасына арналған. Қонақта

By Жаннұр Еділбаева··2 min read
Вьетнам Компартиясының Бас хатшысы То Лам Астанада сәбидің тұсауын кесті
Астанада ресми сапармен жүрген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге «Этноаул» көрмесін аралады, деп хабарлайды Todayinfo Ақордаға сілтеме жасап. Көрме қазақ халқының мәдени мұрасына арналған. Қонақтарға ұлттық тарих пен салт-дәстүрді бейнелейтін бірнеше тақырыптық аймақ таныстырылды. Экспозициядан дәстүрлі киімдер, қолөнер бұйымдары, ұлттық ойындар, аңшылық өнер, музыкалық аспаптар, сурет және тұрмыстық заттар ұсынылды. Әр бөлім дала өркениетінің ерекше рухын көрсетіп тұрды. Көрменің ерекше сәті — бас хатшы То Ламның қазақ халқының «тұсаукесер» рәсіміне қатысуы болды. Бұл — баланың аяғына байланған жіпті қиып, сәбиге өмір жолың ашық, қадамың нық болсын деген тілек білдіретін салт. Бұл символдық қатысу Вьетнам делегациясы үшін Қазақстан мәдениетіне құрметтің айғағы ретінде бағаланды.

Related

Вьетнам Компартиясының Бас хатшысы То Лам Астанада сәбидің тұсауын кесті · Todayinfo