Todayinfo.kz
NewsView all articles

Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты

Украина президенті Владимир Зеленский өзінің мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттігін Ресеймен соғыс аяқталғанға дейін жалғастыратынын мәлімдеді. Бұл туралы ол британдық Sky News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды  Todayinfo. Зеленский соғыс жағдайында елін т

By Айғаным Нариманова··1 min read
Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты
Украина президенті Владимир Зеленский өзінің мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттігін Ресеймен соғыс аяқталғанға дейін жалғастыратынын мәлімдеді. Бұл туралы ол британдық Sky News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Todayinfo. Зеленский соғыс жағдайында елін тастап кете алмайтынын және қазіргі қиындықтар мен шаршауға қарамастан, украин халқына деген жауапкершілікті сезінетінін жеткізді.
«Мен бұл лауазымда қалуға тиіспін. Тек соғыс аяқталып, халық жаңа көшбасшыны қаласа ғана кетуге дайынмын», – деді ол.
Президенттің өкілеттік мерзімі аяқталған Еске сала кетейік, Зеленскийдің президенттік өкілеттігі 2024 жылғы мамырда аяқталған. Ол бұл қызметте бес жыл болды. Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермактың айтуынша, Зеленский екінші мерзімге сайлауға түсуі тиіс, өйткені ол ел тәуелсіздігін алғаннан бергі ең үздік президент деп саналады.  

Related

Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты · Todayinfo