Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші мектептің алдына қойылатын болды

Алматы облысының Кеген ауданында ҚР Қоғам және мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш орнату  жұмыстары бойынша алғашқы басқосу өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Жиын барысында Заманбек Қалабайұлына  қойылатын ескерткіштің орнын белг

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші мектептің алдына қойылатын болды
Алматы облысының Кеген ауданында ҚР Қоғам және мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш орнату  жұмыстары бойынша алғашқы басқосу өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Жиын барысында Заманбек Қалабайұлына  қойылатын ескерткіштің орнын белгілеу, ескерткіштің жер учаскелерін таңдау схемаларының орналасуы туралы сөз қозғалды.
«Көпшіліктің пікірін ортаға сала келе Кеген ауылының көрнекті жері - жаңадан бой көтеретін Кеген өнер мектебінің алдынан саясаткердің ескерткішін орнату жоспарлануда», - делінген Алматы облысы әкімдігінің хабарламасында.
Саясаткерге ескерткіш орнату туралы ұсынысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан еді. Биыл қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтың туғанына 80 жыл толды. Еске салайық, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов осыдан 19 жыл бұрын өмірден өтті. Саясаткер 2005 жылдың 12 қарашасында кешкісін Алматыдағы үйінде жұмбақ жағдайда қаза тапты.

Related

Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші мектептің алдына қойылатын болды · Todayinfo