Заң мен тәртіп: министр Сүлейменова мектепте жаңадан тағы үш пән оқытылатынын мәлімдеді
Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өңірге жұмыс сапары барысында "Келешек мектебіне" барып, оқу орнының жұмысымен танысты және ұстаздармен кездесті. Министр өте маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы Өңірлік коммуникацияла

Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өңірге жұмыс сапары барысында "Келешек мектебіне" барып, оқу орнының жұмысымен танысты және ұстаздармен кездесті. Министр өте маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу кезінде білім сапасын арттыру мәселесі басты назарда болды. Министрдің айтуынша, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің оқу жүктемесі мен мазмұны қайта қаралып, бастауыш сынып бағдарламасына да өзгерістер енгізіледі.
Сонымен қатар, оқу бағдарламасына жаңа пәндер енгізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 5-7 сыныптарға "Конституция негіздері", 8-9 сыныптарға "Заң және тәртіп" пәндері қосылмақ. Ал жоғары сыныптарда, яғни 10-11 сыныптарда "Құқық негіздері" пәнін міндетті түрде оқыту көзделуде.
Оқушылардың білімін бағалау жүйесіне де өзгерістер енгізіледі. Бұған дейін аз қолданылған мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайтадан оқу процесіне енгізілмек. Бұл қадам оқушылардың сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Министр "Келешек мектебі" жобасының басты қағидаларына да тоқталды. Оның айтуынша, білім ордаларында тазалық, тәртіп және педагогтердің бірсарынды жұмыс істемеуі басты назарда болуы тиіс. Мектеп тек білім беретін орын ғана емес, ел болашағын қалыптастыратын маңызды орта болуы керек екенін атап өтті.
Сондай-ақ Жұлдыз Сүлейменова өңірдегі білім сапасының оң көрсеткіштерін атап өтті. Соңғы төрт жылда бұл көрсеткіш 55,5 пайызға жеткен. 2025-2026 оқу жылында 300-ден астам оқушы республикалық деңгейде, ал 27 оқушы халықаралық олимпиадаларда жүлдегер атанған. Министр білім беру саласында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Related

News
Нурлыбек Налибаев ознакомился с ключевыми проектами Костанайской области
Жаннұр Еділбаева·

News
Депутат Пономарев предложил усилить экологическое просвещение в Казахстане
Жаннұр Еділбаева·

News
Түркістандық педагог сот залында өзіне қол салмақ болды
Айғаным Нариманова·

News
Чего ждать от решения Нацбанка 5 июня – мнения экспертов
Жаннұр Еділбаева·