Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Зэк экс-президент жоқ»: Қазақстан биліктегілерді соттауда Оңтүстік Кореяға жете алмай келеді

Қазақстанда «зэктердің» сапасы жақсарып, түрмеге тоғытылғандардың интеллектуал деңгейі өсті. Жоғары билікте болып, кейін түрмеге түскен шенділер өте көп, олардың қатарында ҰҚК-нің үш бірдей төрағасы бар, деп хабарлайды Todayinfo . Түрмеде отырған немесе сотталып шыққан қазақстанд

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
«Зэк экс-президент жоқ»: Қазақстан биліктегілерді соттауда Оңтүстік Кореяға жете алмай келеді

Қазақстанда «зэктердің» сапасы жақсарып, түрмеге тоғытылғандардың интеллектуал деңгейі өсті. Жоғары билікте болып, кейін түрмеге түскен шенділер өте көп, олардың қатарында ҰҚК-нің үш бірдей төрағасы бар, деп хабарлайды Todayinfo.

Түрмеде отырған немесе сотталып шыққан қазақстандықтардың арасында түрлі саланың өкілдері кездеседі.

«Бұрынғы премьерлер, ҰҚК-нің үш төрағасы, күштік құрылымдардың генералдары мен офицерлері, судьялар, облыс әкімдері, министрлер мен салалық комитет төрағалары, мектеп директорлары, стратегиялық зерттеу институтының саясаттанушылары, туркомпания директорлары, журналистер және т.б. Барлығы жоғары білімді, көбісінің ғылыми атағы бар, мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол», — деп жазды журналист Ораз Әлімбет.

Мұндай «зэктерден» балама үкімет құрып алуға да болатындай.

«Бір жетпейтіні — зэк экс-президент. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Оңтүстік Кореядан кенже қалып отыр. Түстіктегі кәріс елінің тарихында жемқорлығы үшін сотталмаған, саяси дауға шатылмаған, оқ тиіп қаза болмаған, президенттік өкілеттігін аман-есен аяқтаған бір-ақ адам бар екен… Бізге жетпей тұрғаны осы ма? Әлде бұл — кемістігіміз бе?», — деп ой салды ол.

Фото: gov.kz

Related

«Зэк экс-президент жоқ»: Қазақстан биліктегілерді соттауда Оңтүстік Кореяға жете алмай келеді · Todayinfo