“Вашингтонға келдім. Ертең Президент Трамппен кездесу өтеді. Сондай-ақ ертең еуропалық көшбасшылармен сөйлесеміз. АҚШ Президентіне шақырғаны үшін ризашылығымды білдіремін. Біз америкалық және еуропалық достарымызбен бірге күш біріктіріп, Ресейді бейбітшілікке келуге мәжбүрлейміз деп үміттенемін”, – деп жазды Владимир Зеленский.Трамп Truth Social желісінде Зеленский Қырымнан және НАТО-ға кіруден бас тартып, соғысты тоқтата алатынын жазды. Сондай-ақ ол Ақ үйде “үлкен күн” болатынын айтып, “бұрын-соңды мұнша еуропалық көшбасшы бір мезетте жиналған емес” деп атап өтті. Ол әріптестерін қабылдау өзі үшін үлкен мәртебе екенін жеткізді. Трамп пен Зеленскийдің АҚШ-та өтетін келіссөздеріне Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен, Франция Президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Фридрих Мерц, Финляндия Президенті Александр Стубб, Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони, Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер және НАТО Бас хатшысы Марк Рютте қатысады. Ресей бірнеше рет Қырым мәселесі жабық екенін мәлімдеген. Өткен жылы жазда Президент Владимир Путин соғысты тоқтату үшін Украина әскерінің Донецк Халық Республикасы, Луганск Халық Республикасы, Запорожье және Херсон облыстарынан шығуын, сондай-ақ Украинаның НАТО-ға кіруден бас тартуын талап еткен еді. Фото: РБК
Зеленский Трамппен келіссөз жүргізу үшін Вашингтонға барды
Украина президенті Владимир Зеленский дүйсенбі, 18 тамыз күні америкалық әріптесімен кездеседі. АҚШ Президенті Зеленскийге бейбітшілік үшін Қырымнан және НАТО-дан бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды todayinfo.kz Зеленский Вашингтонға шақырғаны үшін Трампқа алғыс білдірді. “Вашингт

Украина президенті Владимир Зеленский дүйсенбі, 18 тамыз күні америкалық әріптесімен кездеседі. АҚШ Президенті Зеленскийге бейбітшілік үшін Қырымнан және НАТО-дан бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды todayinfo.kz
Зеленский Вашингтонға шақырғаны үшін Трампқа алғыс білдірді.
Related

World
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

World
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

World
US and Iran Reach 'Principled Deal' on Hormuz Strait: NYT
Todayinfo редакциясы·

World
Decision on Iran: Trump names deadline for resuming military actions
Todayinfo редакциясы·