Todayinfo.kz
NewsView all articles

Жабайы таксидегі трагедия: Алматы облысында үндістандық студенттер тірідей жанып кетті

Фото: видео скриншот Алматы маңындағы тасжолда болған ауыр жол апатынан Үндістан азаматтары қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Үндістанның Астанадағы елшілігі қайғылы оқиға 6 қаңтар күні болғанын мәлімдеді. Елшілік берген ақпаратқа сай, көлікте Үндістанның

By Айғаным Нариманова··1 min read
Жабайы таксидегі трагедия: Алматы облысында үндістандық студенттер тірідей жанып кетті
Фото: видео скриншот Алматы маңындағы тасжолда болған ауыр жол апатынан Үндістан азаматтары қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Үндістанның Астанадағы елшілігі қайғылы оқиға 6 қаңтар күні болғанын мәлімдеді. Елшілік берген ақпаратқа сай, көлікте Үндістанның бес азаматы отырған: төртеуі – Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері, біреуі – турист. Олар Шымкенттен Алматыға қарай жолға шыққан.
«Өкінішке қарай, екі адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы үшеуі ауыр жарақат алып, қазір жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр», – деп хабарлады елшілік.
Дипломатиялық өкілдік қаза болған студенттердің жақындарына көңіл айтты. Елшілік мәліметінше, олар Үндістанның Раджастхан штатынан шыққан. Еске салайық, 4 қаңтарда Атырау – Орал республикалық тасжолында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, кейін екі көлік те өртенген еді. Ол жол апатында жүк көлігіндегі жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Related

Жабайы таксидегі трагедия: Алматы облысында үндістандық студенттер тірідей жанып кетті · Todayinfo