"Бұрын рейтингтің көшін бастап тұрған Жәнібек Әлімханұлы осы айдың басында алынған VADA допинг-тестінің оң нәтижесінен кейін тізімнен алынды. Соның салдарынан қалған боксшылар бір сатыға жоғарылады, ал Хесус Рамос-джуниор алғаш рет рейтингке еніп, үздік ондыққа кірді", – деп жазады The Ring.Айта кетейік, 6 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы жоспар бойынша WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеуді біріктіру жекпе-жегіне шығуы тиіс болған. Алайда VADA жүргізген допинг-сынамада мельдоний анықталғандықтан, кездесу өтпей қалды. Осы жағдайдан кейін Premier Boxing Champions ұйымы Жәнібектің орнына жаңа қарсылас бекітілгенін мәлімдеді. Нәтижесінде Эрисланди Лара венесуэлалық Йохан Гонсалеспен жұдырықтасып, WBA чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Енді Жәнібек Әлімханұлының B допинг-сынамасы 2026 жылдың 8 қаңтарында ашылады. Боксшының спорттағы болашағы аталған сынаманың нәтижесіне тікелей байланысты болмақ.
Жәнібек Әлімханұлын допинг дауына байланысты рейтингтен шығарып тастады
Фото: instagram.com/janibek_qazaqstyle IBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын рейтингтен шығарып тастады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17–0, 12 KO) допинг дауына ба
Фото: instagram.com/janibek_qazaqstyle
IBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын рейтингтен шығарып тастады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17–0, 12 KO) допинг дауына байланысты The Ring журналының рейтингінен толық алынып тасталды.
Бұған дейін отандасымыз аталған рейтингте бірінші орында тұрған.
Related

Sport
36,4 млн теңге табыс: Бибісара Асаубаева Норвегиядағы додада топ жарды
Айғаным Нариманова·

Sport
Қордайда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Sport
Александр Винокуров Рим Папасына Қазақстан велоспорт құрамасының жейдесін сыйға тартты
Айғаным Нариманова·

Sport
«Текстің мәтіні бірдей»: журналист Спорт министрлігін Олимпиада чемпионына қарсы блогерлерді жалдағанын айтып, сынады
Айғаным Нариманова·