Todayinfo.kz
PoliticsView all articles

Жағдай тым мүшкіл емес — Тоқаев елдегі сөз бостандығы жайлы ойын айтты

Президенттің айтуынша, ұлт қарқынды дамуы үшін қазіргі өзекті проблемалар жөнінде шынайы көзқарас қалыптастырып, ашық пікір алмасу маңызды екенін атап өтеді. - Бізге алдамшы жеңістер мен жетістіктерге әуестеніп кетудің қажеті жоқ. Өз-өзіңді алдауға, мадақтауға болмайды. Бұл – ыды

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Жағдай тым мүшкіл емес — Тоқаев елдегі сөз бостандығы жайлы ойын айтты
Президенттің айтуынша, ұлт қарқынды дамуы үшін қазіргі өзекті проблемалар жөнінде шынайы көзқарас қалыптастырып, ашық пікір алмасу маңызды екенін атап өтеді.
- Бізге алдамшы жеңістер мен жетістіктерге әуестеніп кетудің қажеті жоқ. Өз-өзіңді алдауға, мадақтауға болмайды. Бұл – ыдырауға және құлдырауға әкеп соқтыратын төте жол, – дейді ол.
Президент сонымен қатар "сөз бостандығына арқа сүйеп, елімізде ештеңе өзгермейді-мыс, ахуал мүшкіл деп жағдайды үнемі ушықтыра беру қажет емес” деп атап өтті.
- Бұл шындыққа сай келмейді. Кемшіліктер бар, бірақ жағдай тым мүшкіл емес. Мұндай ақпарат адамдарға көмектеспейді, керісінше оларды күйзеліске ұшыратып, қоғамда апатия тудырады, – дейді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, оң өзгерістер – көбіне күнделікті қажырлы еңбекті талап ететін дамылсыз жұмыстың нәтижесі.
- Ол сырт көзге байқала бермейді. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз.  Өйткені бұл – мемлекеттік стратегияның маңызды бөлігі. Біз Әділетті Қазақстан құруға ұмтыламыз. Бұл – бос идеологиялық абстракция емес, шынайы жалпыұлттық таңдау. Біз зор сенім артып, күш-қуатымызды аянбай жұмсайтын асқақ мұрат түбі шындыққа айналады, – дейді президент.
 
 

Related

Жағдай тым мүшкіл емес — Тоқаев елдегі сөз бостандығы жайлы ойын айтты · Todayinfo