Todayinfo.kz
Шоу бизнесView all articles

«Жалған келісімшарт берді»: Жұлдыз Әбдікәрімова тағы алаяқтарға алданып қалды

Нұртастың жары, танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова тағы да алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Өнер иесі су жаңа пәтердің жөндеу жұмыстарымен жүр. Бұған дейін баспанасынан айырылған көпбалалы ананы енді жиһаз жасайтын компания алдап кеткен. «Осығ

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
«Жалған келісімшарт берді»: Жұлдыз Әбдікәрімова тағы алаяқтарға алданып қалды
Өнер иесі су жаңа пәтердің жөндеу жұмыстарымен жүр. Бұған дейін баспанасынан айырылған көпбалалы ананы енді жиһаз жасайтын компания алдап кеткен.
«Осыған дейін (2 жыл бұрын) жарнамасы жар салып тұрған компанияға сеніп, жиһазға тапсырыс бердім. Келісім шартқа отырып 70 пайыз төлем жасадым. Уәде еткен уақытта тапсырысымды әкелмегені былай тұрсын, маған мүлде жауап бермей, аяғында мені блокқа тығып, қашып кетті. Келісім шартта көрсетілген мекенжай жалған болып шықты. Бұдан да сабақ алдым! Қазір тек көзімді жеткізіп барып тапсырыс беремін деп шештім», – деп жазды актриса.
Сондай-ақ кино жұлдызы соңғы кезде жүйкесінің сыр беріп жүргенін жасырмады.
«Не қылса, демалыста жүргендерді уақытша бұғаттай саламын-ау деймін. Әбден жүйкеге тиіп бітті», – деп ашуланды өнер иесі.

Related

«Жалған келісімшарт берді»: Жұлдыз Әбдікәрімова тағы алаяқтарға алданып қалды · Todayinfo