Фото: aikyn.kz
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ата-анасымен бірге Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін бағдарламаның қонағы болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Сұхбат барысында әншінің анасы қызының жеке өміріне алаңдайтынын ашық айтты.
– «Мен өз өмірімді жолдасымсыз елестете алмаймын. Бірге қартайып, бірге ғұмыр кешуді тілеймін. Адамға қандай жағдайда да жан серік керек. Егер сондай жан жолықса, ойлан деп үнемі кеңес айтамыз. Бірақ өмір – сынақ, бәрін алдын ала болжау мүмкін емес. Мен қызыма жиі айтамын: жалғыздық тек Құдайға жарасқан. Қазір екі қанатың – біз бармыз, бірақ ертең біз кеткен соң өмір басқа арнаға бұрылады. Сол кезде қызың мен ұлың үшін де ойлану керек», – деді Мөлдірдің анасы.
Ол қызын өмірлік серік табуға, отбасылық бақыттан қорықпауға шақырып, «бақытқа екінші мүмкіндік әркімге беріледі» деген ойын жеткізді.
«Жалғыздық әйелге жараспайды, махаббатқа әрдайым орын бар», – деп түйіндеді ол.




