"Сәуір айының соңында біздің елге ол жақтың жаңа шыққан пияз өнімдері экспортталып қалады. Пәкістанға пиязымыз шықпай қалуы мүмкін. Мұздатқышы жоқ қоймаларда қауіп жоғары. 60 пайызға жуығында мұздатқыш жоқ", – дейді Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Шәкір Момынқұлов.
Жамбыл облысында 116 мың тонна пияз шіріп кетті
Жамбыл облысында жиналған пияздың 60%-ы экспортқа шығарылмай, толық шіріп кетуі мүмкін. Өйткені өңірдегі көкөніс сақтайтын 100-ден аса қойманың тең жартысы талапқа сай келмейді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. Қазір өңірдегі тоңазытқышы жоқ әрі тозығы жеткен қоймаларда былты

Жамбыл облысында жиналған пияздың 60%-ы экспортқа шығарылмай, толық шіріп кетуі мүмкін. Өйткені өңірдегі көкөніс сақтайтын 100-ден аса қойманың тең жартысы талапқа сай келмейді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Қазір өңірдегі тоңазытқышы жоқ әрі тозығы жеткен қоймаларда былтырдан қалған 116 мың тонна пияз сақтаулы. Оны жергілікті шаруалар келісін 15 теңгеге де өткізе алмай отыр. Сондықтан тұрып қалған тауарларын қоқысқа шығарып, кейбірін тұрғындарға тегін таратып жатыр.
Шіріген пиязды тонналап далаға төккендер де бар. Ал экологтар тұмса табиғатты ластағандарды жауапқа тарту керек деп дабыл қағып отыр. Өйткені шіріген көкөністен ауру тарауы мүмкін. Қазір жергілікті полиция белгіленбеген жерді қоқыс алаңына айналдырғандарды іздеп жатыр.
Айта кетсек, былтыр елімізде 1 млн тоннадан астам пияз жиналған. Бұл – жылдағыдан 3 есе көп. Оның 780 мың тоннасын жамбылдық диқандар өсірген. Бірақ өнімге сырт елдерден сұраныс жоқ. Мәселен, былтыр 325 мың тонна пияз сыртқа саудаланса, биылғы көрсеткіш одан төмен. Кейінгі 3 айда небәрі 161 мың тонна экспортталыпты.
Related

Өзекті жазбалар
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Батыс Қазақстанда екі полицей қызмет барысында қаза тапты
Айдар Керім·