Todayinfo.kz
NewsView all articles

Жаңа салық ережелері: қазақстандықтардың шоттарын қашан бұғаттайды

2026 жылдан бастап Қазақстанда салық қарызын өндіру шаралары өзгермек. Жаңа Салық кодексі бойынша ережелер айқын әрі жұмсақ болады, деп хабарлайды Параграф . Қазіргі тәртіп Бүгінгі күні: 1 теңгеден бастап салық қарызы үшін мәжбүрлі шаралар қолданылуы мүмкін; 6 АЕК-тен (2025 ж. –

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Жаңа салық ережелері: қазақстандықтардың шоттарын қашан бұғаттайды

2026 жылдан бастап Қазақстанда салық қарызын өндіру шаралары өзгермек. Жаңа Салық кодексі бойынша ережелер айқын әрі жұмсақ болады, деп хабарлайды Параграф.

Қазіргі тәртіп

Бүгінгі күні:

  • 1 теңгеден бастап салық қарызы үшін мәжбүрлі шаралар қолданылуы мүмкін;

  • 6 АЕК-тен (2025 ж. – 23,6 мың теңге) асса, банк шоттары бұғатталады.

Жаңа ережелер (2026 жылдан бастап)

Жаңа тәртіп бойынша қарыз мөлшеріне қарай келесі шаралар қолданылады:

  • 20 АЕК-ке дейін (78,6 мың теңге)
    – тек хабарлама жіберіліп, өсімпұл есептеледі.

  • 20–45 АЕК аралығы (78,6 – 176,9 мың теңге)
    – банктік және кассалық шығыс операциялары бұғатталады, инкассалық өкім қойылады.

  • 45 АЕК-тен жоғары
    – мүлікке тыйым салынып, сатылуы мүмкін, сондай-ақ қарыз дебиторлар арқылы өндіріледі.

  • 27 000 АЕК-тен көп (шамамен 106 млн теңге)
    – үш ай ішінде өтелмесе, шетелге шығуға тыйым салынып, банкроттық рәсімі басталады.

  • Бұдан былай салық органдары 20 АЕК-тен аз қарыз үшін шотты бұғаттай алмайды.

  • Қарыз көлемі артқан сайын шаралар да қатаңдайды: алдымен ескерту, кейін шот бұғаттау, соңында мүлікті тәркілеу мен шетелге шығуға тыйым салу.

Related

Жаңа салық ережелері: қазақстандықтардың шоттарын қашан бұғаттайды · Todayinfo