Todayinfo.kz
Ulytau RegionView all articles

Жаңаарқада Президент Жолдауындағы міндеттерді орындау тетіктері талқыланды

Бүгін Жаңаарқа ауданында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Кездесуге аудан әкімі Қанат Қожықаев төрағалық етіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ө

By Жаннұр Еділбаева··2 min read
Жаңаарқада Президент Жолдауындағы міндеттерді орындау тетіктері талқыланды
Бүгін Жаңаарқа ауданында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Кездесуге аудан әкімі Қанат Қожықаев төрағалық етіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын өңірлік деңгейде жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Жиынға Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Бақытжан Жайлаубаев, аудан әкімдігі өкілдері, ауылдық округ әкімдері, ақсақалдар мен аудан тұрғындары қатысты. Басқосуда аудан әкімінің орынбасары Мұрат Ибраев пен Орынбай ауылдық округінің әкімі Жұбаныш Жүнісбеков сөз алып, өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар туралы баяндама жасады. Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл шаруашылығын жетілдіру, цифрлық саланы дамыту және инвестиция тарту бағыттарындағы жұмыстар кеңінен талқыланды. Сонымен қатар жиын барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, өзекті мәселелер бойынша нақты жауаптар алды. Қорытынды сөзінде Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев өңірдің даму әлеуетіне тоқталып, бірқатар өзекті мәселелер жөнінде пікір білдірді. Ал аудан әкімі Қанат Қожықаев Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді абыроймен орындау – баршамыздың ортақ борышы екенін атап өтті.

Related

Жаңаарқада Президент Жолдауындағы міндеттерді орындау тетіктері талқыланды · Todayinfo