Todayinfo.kz
NewsView all articles

Жаңбыр мен қар еліміздің тас жолдарында қозғалысты қиындатады

Фото: pixabay 19 желтоқсанда еліміздің бірқатар өңіріндегі республикалық маңызы бар автожолдарда ауа райы жағдайының нашарлауы күтіледі, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Па

By Айғаным Нариманова··1 min read
Жаңбыр мен қар еліміздің тас жолдарында қозғалысты қиындатады
Фото: pixabay 19 желтоқсанда еліміздің бірқатар өңіріндегі республикалық маңызы бар автожолдарда ауа райы жағдайының нашарлауы күтіледі, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында, сондай-ақ Абай мен Ұлытау облыстарында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болжанып отыр. Қолайсыз ауа райына байланысты жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтап, арақашықтықты ұстану, жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау және жол жағдайының нашарлауы мүмкін екенін ескеру ұсынылады. Республикалық автожолдардың жай-күйі туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласу арқылы білуге болады.

Related

Жаңбыр мен қар еліміздің тас жолдарында қозғалысты қиындатады · Todayinfo