Жапония Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Қазақстан мұнайына көшпек
Ормуз бұғазының жабылуы Жапонияны мұнай импортын қайта қарауға мәжбүр етті. Енді Токио Таяу Шығыс шикізатының орнын Қазақстан мұнайымен алмастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Жапония билігі ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін ұлттық мұнай резерв

Ормуз бұғазының жабылуы Жапонияны мұнай импортын қайта қарауға мәжбүр етті. Енді Токио Таяу Шығыс шикізатының орнын Қазақстан мұнайымен алмастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Жапония билігі ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін ұлттық мұнай резервінен 20 күндік қорды босатпақ. Қазір олар бірқатар елдермен мұнай жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұған дейін Жапония мұнайдың 95%-ын Таяу Шығыстан сатып алып келген, алайда Ормуз бұғазы жабық қалып отыр.
Сондықтан Токио Таяу Шығыс мұнайының орнына Қазақстан мұнайына көшуі мүмкін. Ел билігі Таяу Шығыстан келетін импорттың жартысына дейінгі бөлігін алмастыруды көздеп отыр. Қазақстаннан бөлек, Жапония АҚШ, Малайзия, Латын Америкасы және Африка елдеріндегі жеткізушілерге де жүгінген.
Наурызда Жапония стратегиялық резервтен мұнай босата бастаған еді. Қазір елдің мұнай қоры 230 күнге жетеді.
Наурыз айының соңында Inpex мұнай-газ компаниясы (Қашаған кен орнын игеруге қатысушы) Қазақстан мен Әзірбайжаннан алынатын мұнайдың бір бөлігін ішкі нарыққа бағыттау мүмкіндігін қарастырып жатқаны белгілі болды.
Related

News
В Павлодаре трехлетняя девочка выпала из окна третьего этажа
Жаннұр Еділбаева·

News
Қызылордада балаларды жұлқылаған тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Айғаным Нариманова·

News
Пенсионные накопления станет сложнее изъять: что изменится с 5 июня
Жаннұр Еділбаева·

News
«Біз ауқымды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеміз». Ерлан Қарин Тоқаевтың негізгі 9 үндеуін бөліп көрсетті
Жаннұр Еділбаева·