Todayinfo.kz
Jambyl Region

Жарқ еткен Жанар: атышулы бас дәрігер өмірден озды

49 жасқа қараған шағында Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласында бірнеше жылдар басшылық қызмет атқарған белгілі дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Мықтыбекқызы Жанар Оспанова өмірден озды. Бұл туралы марқұмның туыстары хабарлады. Жанар Оспанова Түркістан облысында лауа

By Әмірболат Құсайынұлы··3 min read
Жарқ еткен Жанар: атышулы бас дәрігер өмірден озды
49 жасқа қараған шағында Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласында бірнеше жылдар басшылық қызмет атқарған белгілі дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Мықтыбекқызы Жанар Оспанова өмірден озды. Бұл туралы марқұмның туыстары хабарлады. Жанар Оспанова Түркістан облысында лауазымды қызметте жүргенде бүкіл елге аты жайылған еді. Одан кейін Меркі аудандық ауруханасының бас дәрігері болды. Ол тың бастамаларымен елге танылды. Кейін Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды. Алайда қайда барса да оның соңынан шам алып түскендер тоқтамады.
Жанар Мықтыбекқызы 1977 жылы туған. Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «емдеу ісі» мамандығы бойынша және интернатураны, «Мирас» университетін «менеджмент», «Нархоз университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамын «іскерлік әкімшілік» мамандықтары бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты (2010 ж.).
  Ол еңбек жолын 2000 жылы Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің терапия бойынша интернатурасында терапевт болып бастаған.
Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медициналық фармецевтикалық академиясының ішкі аурулар факультеттік терапия және пропедевтика кафедрасының оқытушысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық емханасының дәрігер-терапевті, бас аудандық терапевті, Шардара орталық аудандық ауруханасының бас дәрігердің емдеу жөніндегі орынбасары, Шардара аудандық орталық емханасының бас дәрігері, аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі, Түркістан облысының қоғамдық денсаулығы басқармасы басшысының орынбасары, «Жанұя» қазақстандық әлеуметтік-медициналық компаниясы» және «Салауатты Астана алғашқы медициналық-санитарлық көмек клиникасы» ЖШС директоры қызметтерін атқарған.
2021 жылғы мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Меркі аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері лауазымында еңбек етті. Ал 2022 жылдан 2025 жылға дейін Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасында басшы болып қызмет атқарды. Денсаулық сақтау ісінде табанды еңбек еткен Жанар Мықтыбекқызы:
  • 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс Хаты»;
  •    2015 жылы республикалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Мырзахметовтың «Алғыс Хаты»;
  • 2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі;
  • 2016 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі;
  • 2017 жылы «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының төрағасы бірінші орынбасарының «Алғыс Хаты»;
  • Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі;
  •  2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болатын.
Сәулелі ғұмырын ұлт саулығы жолында сарп еткен Жанар Мықтыбекқызының артында ардақты жары мен төрт перзенті, елге істеген ізгі істері қалды.  

Related