Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Жас қыз суға шомылып жатқан: Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды

Шымкенттегі «Студенттік қалашық» шағынауданында бір тұрғын үйден төрт адам өлі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар жаппай газдан уланған болуы мүмкін, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы КТК-ға сілтеме  жасап. Қайғылы оқиғаға қатысты көршілердің айтуынша, пәт

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Жас қыз суға шомылып жатқан: Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
Шымкенттегі «Студенттік қалашық» шағынауданында бір тұрғын үйден төрт адам өлі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар жаппай газдан уланған болуы мүмкін, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы КТК-ға сілтеме жасап. Қайғылы оқиғаға қатысты көршілердің айтуынша, пәтерлердің бірінен 31 жастағы әйел мен 16 жастағы қыздың мәйіті табылған. Екінші қабаттағы өзге пәтерден 23 жастағы жігіттің өлі денесі анықталған. Ал үшінші қабаттағы жалдамалы пәтерде 20 жастағы студент қыз көз жұмған. Тұрғындардың сөзінше, бұған дейін газдың иісіне шағымданғандар болған. Дегенмен әзірге газ қызметі ресми түсініктеме берген жоқ. Полиция адам өліміне әкелген қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Алдымен қызды шамамен сағат 12-лерде тапқан. Пәтер иесі келіп, жуынатын бөлменің есігі жабық тұрғанын көрген. Ашса, пәтерді жалдаған қыз шомылып жатып, сол жерде қайтыс болған. Осыдан кейін ол учаскелік полиция қызметкерін шақырған. Барлық адамды сыртқа шығара бастады. Құтқарушылар келіп, басқа пәтерлердің есіктерін бұзып ашып, тағы да мәйіттерді тапты", – деді Ислам Файзуллаев.

Related

Жас қыз суға шомылып жатқан: Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды · Todayinfo