Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Жасырып отыр»: Алматы облысында ТЖД көлігі апатқа ұшырап, бір құтқарушы қаза тапты

Алматы облысында Төтенше жағдайлар департаментінің көлігі апатқа ұшырады. Апат салдарынан бір құтқарушы қайтыс болған, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы. Бұл ақпаратты журналист әрі қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, ж

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Жасырып отыр»: Алматы облысында ТЖД көлігі апатқа ұшырап, бір құтқарушы қаза тапты
Алматы облысында Төтенше жағдайлар департаментінің көлігі апатқа ұшырады. Апат салдарынан бір құтқарушы қайтыс болған, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы.

Бұл ақпаратты журналист әрі қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасы 12 желтоқсан күні болған.

«Апат салдарынан жас жігіт қаза тапты. Алайда оның кім екені, қай жерде және қандай жағдайда мерт болғаны жөнінде әлі күнге дейін ресми ақпарат жоқ. Алматы облысының полициясы бұл деректерді жариялаудан бас тартып отырғандай әсер қалдырады», – деп жазды ол.

Сандуғаш Дүйсенованың мәлімдеуінше, қазіргі уақытта қаза тапқан азаматтың аты-жөнін, оқиға болған орынды және апаттың мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол апатқа куә болған немесе марқұмды танитын азаматтарды хабарласуға шақырды.

Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушыларының да алаңдаушылығын туғызды. Көпшілік істің ашық әрі әділ тергелуін талап етуде.

«Қалайша анықталмаған? Оның туыстары бар шығар», «Жұмыста жүріп қаза тапқаны айтылып жатыр, неге ресми ақпарат жоқ?», «Әділдік орнап, кінәлілер жазасыз қалмасын», – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, жарияланған мәліметтер жалған емес, барлығы нақты деректерге негізделген.

Related

«Жасырып отыр»: Алматы облысында ТЖД көлігі апатқа ұшырап, бір құтқарушы қаза тапты · Todayinfo