«Мұндай қылық спортшыларға жараспайды. Олар тәртіп пен жауапкершіліктің үлгісі болып, жастарға дұрыс бағыт көрсетуі тиіс. Агрессия мен балағатқа толы «қойылымдар» жасөспірімдердің санасын шатастырып, қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіреді. Сондықтан ІІМ интернеттегі дөрекілік, күш қолдану һәм арсыз әрекеттер арқылы танылғысы келетіндерге қарсы күресті қатаң жалғастырады. Мұндай фактілер заң аясында анықталып, тиісті шаралар қолданылады», – деп жазылған ІІМ ақпаратында.Фото: Nomad Fighting
Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті
Аралас жекпе-жек шебері, TikTok әлеуметтік желісінде «Әнуарбек-мотиватор» деген атпен танылған Әнуарбек Бекембетов 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Todayinfo 1bol.kz сілтеме жасап. Бұл туралы құқық қорғау органдары мәлімдеді. ІІМ мәліметінше, әлеуметтік желіні бақылау б

Аралас жекпе-жек шебері, TikTok әлеуметтік желісінде «Әнуарбек-мотиватор» деген атпен танылған Әнуарбек Бекембетов 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Todayinfo 1bol.kz сілтеме жасап.
Бұл туралы құқық қорғау органдары мәлімдеді.
ІІМ мәліметінше, әлеуметтік желіні бақылау барысында полиция қызметкерлері ер адамның қатысуымен түсірілген бейнероликті анықтаған. Онда ол агрессия танытып, қатты қысым көрсетіп, бейәдеп сөздер айтып, өзін «күшті әрі бетпақ» етіп көрсетуге тырысқан. Тексеріс нәтижесінде құқықбұзушы жылдам табылып, бөлімшеге жеткізілді.
Алайда ұсталған соң Бекембетов видеоның қойылым екенін, оның басты мақсаты – желіде танымал болу, көп қаралым мен лайк жинауды көздейтінін алға тартқан. Алайда ол сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 күнге әкімшілік қамауға алынды.
Related

News
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

News
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·

News
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

News
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·