“Қазір аталған ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін олардың әрекеттеріне заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. Халық арасында, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы дүрбелең тудыратын жалған хабарламаларды тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, тіпті бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған”, – деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаменті.Ведомство ата-аналарды сабыр сақтауға, үрейге берілмеуге және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды. Сонлай-ақ жағдай ішкі істер органдарының толық бақылауында деп сендірді.
Желіде тараған хабарламалардан кейін Қарағанды мектептеріне күшейтілген күзет қойылды
Фото: Оқу ағарту министрлігі Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қарағандыда бірқатар мектептерде оқушыларға қарсы заңсыз әрекеттер ұйымдастырылып жатыр деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Қарағанды облысы полиция департаменті дереу т

Фото: Оқу ағарту министрлігі
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қарағандыда бірқатар мектептерде оқушыларға қарсы заңсыз әрекеттер ұйымдастырылып жатыр деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды облысы полиция департаменті дереу тексеру жүргізуге кіріскен. Тексеріс кезінде балаларға ешқандай қауіп төнбегені анықталды. Десе де қаладағы барлық мектептерге күшейтілген күзет қойылды.
Шаһардағы барлық жалпы білім беретін оқу орындары полицияның бақылауына алынды. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылданбақ.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·