«Жемқорлық биліктің түбіне жетті»: наразы халық бұрынғы премьер-министрдің әйелін өлтірді
Непалда сыбайлас жемқорлық пен әлеуметтік желілердің бұғатталуына қарсы халық шеруі жалғасып жатыр. Наразы топ Непалдың экс-премьер-министрі Шарма Олидің әйелі Арзу Рана Деубаны соққыға жығып, үйіне қамап, сыртынан от қойған. Денесі күйіп , ауруханаға жеткізілген Деуба қайтыс боп

Непалда сыбайлас жемқорлық пен әлеуметтік желілердің бұғатталуына қарсы халық шеруі жалғасып жатыр. Наразы топ Непалдың экс-премьер-министрі Шарма Олидің әйелі Арзу Рана Деубаны соққыға жығып, үйіне қамап, сыртынан от қойған. Денесі күйіп , ауруханаға жеткізілген Деуба қайтыс боп кетті, деп хабарлайды Todayinfo.
Бұған дейін Непалда әлеуметтік желілердің бұғатталуына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай наразылық өршіп, шерушілер премьер-министр резиденциясын өртеген болатын. Кейін Шарма Оли отставкаға кеткенін жариялады.
Сонымен қатар ішкі істер министрі Рамеш Лекхак, ауыл шаруашылығы министрі Рамнатх Адхикари, жастар және спорт министрі Теджу Лал Чаудхари, су ресурстары министрі Прадип Ядав та қызметтерін тапсырды.
Осы жағдайдан кейін Непал әскері саяси билік болмаған кезде елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуді өз мойнына алатынын мәлімдеді. Әскерилердің ресми үндеуінде ұлттық тәуелсіздік пен аумақтық тұтастықты қорғау басты міндет ретінде көрсетілген.
Фото: Навеш Читракар/Reuters
Related

News
Мангистауские мечети могут стать новым объектом Всемирного наследия ЮНЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

News
Түркістан облысында ер адам анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Жаннұр Еділбаева·

News
Алматы – главное гастрономическое направление 2026 года
Жаннұр Еділбаева·

News
Алматы – 2026 жылдың басты гастрономиялық бағыты
Жаннұр Еділбаева·