Todayinfo.kz
ОқиғаларView all articles

Жетісайдағы әйел өліміне қатысты полиция түсініктеме берді

Жетісайда 39 жастағы келіншекті тонап, артынша зорлап өлтірген күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Todayinfo. «Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті, яғни жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Ол бірден қамауға алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қы

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Жетісайдағы әйел өліміне қатысты полиция түсініктеме берді
Жетісайда 39 жастағы келіншекті тонап, артынша зорлап өлтірген күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Todayinfo.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті, яғни жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Ол бірден қамауға алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмыс тұрмыстық жанжал негізінде болған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған басқа да қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Қылмыстық істің материалдары сотқа жолданатын болады», - делінген Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұған дейін Жетісайдағы жантүршіктірер қанды оқиға туралы жазған едік. Фото: depositphotos.com

Related

Жетісайдағы әйел өліміне қатысты полиция түсініктеме берді · Todayinfo